Алмаганбетова Батпа Елибаевна
№42 «Түймедақ» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК директоры
Жоғары білімді, басшы-ұйымдастырушы санатты

МЕКЕМЕНІҢ АҚПАРАТТЫҚ КАРТАСЫ
№42 «Түймедақ» бөбекжайы 1984 жылдан бастап жұмыс жасайды.
Кәсіпорынның заңды мекен-жайы:
130000, ҚазақстанРеспубликасы
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
26 шағын аудан, №33 МДМ ғимарат,
№42 «Түймедақ» бөбекжайы жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
sad42tuimedak@mail.ru
Телефондар: 8(7292) 41-46-07
№ 42 «ТҮЙМЕДАҚ» БӨБЕКЖАЙЫ ЖБҚМКҚК-НЫҢ МАТЕРИАЛДЫ -ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ
«№42 «Түймедақ» бөбекжайы» ЖБҚМКҚК 1984 жылдан бастап жұмыс істейді. Сол жылдардан бері бөбекжай есігі бөбектерге есігін айқара ашып, бүлдіршіндерге білім мен тәрбиені қатар беруде. Балаларға оқу-тәрбие үрдістерінің толыққанды жүргізілуі үшін балабақша материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Мектепке дейінгі ұйымда ән-саз залы, дене шынықтыру залы, психолог пен дефетолог кабинеттері, меңгеруші, шаруашылық меңгерушісі, әдіскер, есепші, медбике кабинеттері жұмыс істеуге қолайланып, жабдықталып қызмет етеді.
Бөбекжай аумағында көк жасыл саяжайлар, гүл бақтары, ойын алаңдары бар.
Бөбекжайда балалардың жас ерекшелігіне қарай 12 топ жұмыс жасайды. Барлық топ құзыреттілік орталықтарға бөлінген. Топтар балалардың жас ерекшеліктеріне сай жабдықталып. Әр топта сюжеттік-рөлді ойындар бұрыштары, табиғат бұрышы және спорт құралдары бұрыштары, қимыл-қозғалыс ойындар құралдары, оқу –тәрбие процесіне пайдаланатын көрнекіліктер мен үлестірмелі материалдар, әдістемелік оқулықтар жас ерекшеліктеріне қарай топталып қарастырылған.
Балалардың дұрыс тамақтануы үшін асхана және денсаулығын сараптап, дәрігерлік көмек көрсететін дәрігерлік кабинет жұмыс жасайды. Бөбекжайның балаларға ас әзірлеу мен тамақтандыруға қажетті материалдық-техникалық базасы санитарлық бақылаудың мемлекеттік стандартына сай, заманауи қондырғылармен толық жабдықталған.

