09.10.2025 жылы бөбекжайымыздың жылдық жоспарына сай, экологиялық тәрбие негізінде барлық топтар арасында «Жасыл бөбекжай» атты табиғат бұрышы байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім мен тәрбие беру құралы ретінде табиғи бұрыштарды танымал ету. Байқауға барлық топ белесене қатысып, жүлделі орындарға ие болған топтар арнайы дипломдармен марапатталды.
